Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына барды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.