Бүгін
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Ақпарат және коммуникациялар
министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі
хабарлады. Президент кездесу барысында тиімді ақпараттық саясат жүргізу мен
елдің медиа кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.
Қайта құрылған министрліктің маңызы зор, жүктелер міндет ауқымды. Негізгі
мақсат - ақпараттық кеңістіктегі түрлі қауіп-қатерлерге төтеп беру. Сонымен
қатар экономикалық өсім мен халықтың
әл-ауқатын жақсарту жолындағы қадамдар жайлы ел арасында түсіндіру жұмыстарын
жүргізу күн тәртібінен түспеуі керек,- деді Елбасы. Тағы бір айта кетерлігі, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік
БАҚ өкілдерінің басқару құрамын сұрыптауға да асқан жауапкершілікпен қарау
керектігін назарға алды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Кадрларды
қарау керек жақсылап тұрып. Тіл білетін адамдар басқару керек ақпарат
құралдарын. Интернетті қарап отыратын адамдар болу керек. Министрліктің жұмысы
тікелей менің және Президент әкімшілігінің бақылауында болады. Өзгелердің бұл
жұмысқа кірісуіне жол берілмейді. Кім болса сол министрлікке команда беруге болмайды. Істейтің жұмысың бір жүйеде болуы тиіс. Бағынатын жерің осы жер. Оны
мен барлығы есітсін деп айтып отырмын.