Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2023
  • 1063

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына таяу күндері көшкін қаупіне байланысты тауға шықпауға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"ТЖД көшкін қаупі туралы № 5 дауылды ескерту негізінде: 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін. Осыған байланысты қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға шығудан бас тартқан дұрыс", - деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұл күндері дауылды ескерту жарияланды.