Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау жөнінде тапсырма берді

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2023
  • 797

6 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.

2022 жылы барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді.

"Атап айтқанда, жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр", – делінген хабарламада.