Қостанайда қала мектептері қауіпсіздігін тексеру барысында прокурорлар заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексерілген барлық мектепте: № 16, 14, 19, № 1 және № 2 лицейлерде, Горький және Мәуленов гимназияларында заңбұзушылықтар анықталғаны хабарланды.
"Мұнадай жағдай болды, сөмкемде граната пішіні болды, мені кедергісіз өткізді. Әріптесімді сөмкесіз-ақ кіргізді, қолында граната болған. Ол мектеп ғимаратына оп-оңай кірді", - деді Қостанай қалалық прокуратурасының аға прокуроры Эльмира Нұрқанова.
Тексеру нәтижесі бойынша кейбір мектептерде қауіпсіздік қызметі келушілерді тексермейтіні белгілі болды. Сондай-ақ, Қостанайдағы спорт залдарының бірінде эвакуациялық шығатын есіктер жабық екені белгілі болды.
Тексеру қорытындысы бойынша, Қостанай қаласының прокуратурасы білім бөліміне заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жібереді.
"Мониторингтен кейін білім беру ұйымдарының басшыларымен тағы да тілдестік. Алдағы уақытта бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді Қостанай қалалық Білім бөлімінің тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі басшысы Әсия Төлекова.