Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Қызылжар ауылын су басты. Күн күрт жылынып, қар еріген. Соның салдарынан аулалар мен көшелерді егістіктерді су алды. Арықтар тасқын суға төтеп бере алмаған. Еріген қар суы Сарыөзек, Ескелді аудандарының да тұрғындарын әбігерге салды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы +17 градусқа дейін жоғарылайды.
Игорь ЖУКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта Төтенше Жағдайлар Департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен арық жүйесін тереңдету және тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Алдын – алу жұмыстары жалғасуда.