Русский Сайттың толық нұсқасы

Несие аларда келісімшартты оқисыз ба?

Микроқаржы ұйымдарына берешегі көп болса да, кредитке тәуелділер елімізде азаяр емес. Оған әріптесім Ақбота Базарбай көз жеткізді. Ол үшін эксперимент жүргізген болатын. Көрейік.

Көшені басына көтеріп, елдің мазасын неге алып жүр дейсің ғой. Жұртқа несие ұсынып жүрмін.

Иә, 3-ақ пайыз дедім. Мүмкін емес нәрсе ғой. Бірақ жұрт айтқаныма сенді. 1 сағаттың ішінде өткен кеткеннің жартысына жуығы тоқтап, сұрақ қойып, несиені алмақ болғандары болды. Қолымдағы келісім шартты оқып, бас қатырған ешкім жоқ. Айтқаныма имандай сенеді.

Осыдан 15 жыл бұрын несиені оңды-солды тарата берген банктер қазір сараң. Табысыңды сұрайды, кепілге мүлік талап етеді. Себебі банктер осыған дейін берген қарыздарын қайтара алмай отыр. Күліп келген қарыз, қайтқанда неге жылайды? Шетелді айтып аңыз қылатын жұрт, айыпты пайыздан көреді.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Бізде инфляция, яғни бағаның өсуі, теңгенің сатып алу қабілеті әр жыл сайын бір 20 пайызға төмендеп отыратын болса несие де сол 20-25 пайыз болады. Шарт дегеніміз 7-8 бет болса оның бәрін айтып түсіндіріп жату, банк айту керек, әрине. Бірақ ежіктеп оқуға уақыт береді.

Иә, кредит рәсімдеуге келгендер банк мақұлдаса болды, алған теңге тегін келгендей қуанады. Бірақ өздері айыптап отырған пайызға мән де бермейді. Келісімшартқа назар аудармайды.

БЛИЦ:

- Сіз оқыдыңыз ба мысалы? - Жоқ оқыған жоқпын.

- Көз жүгіртіп өтеміз. Былай тырысып оқымаймыз.

- Жоқ. - Мүлдем оқымайсыз ба? - Мүлдем оқымаймын.

Экономист банк ұсынған келісім шартты майшаммен қарау керек дейді. Себебі сіз бен біз білмейтін қаншама құпия болуы мүмкін.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Банк айтып бір алады, айтпай бір алады. Несиені алғаннан кейінгі ай сайынғы пайыздық мөлшерлемеден бөлек, сақтандыру үшін де банкке қаражат төлейсіз. Яғни, тура 1 млн теңге алу үшін сіз миллионды артығымен рәсімдеуіңіз керек. Дәл сол артық сома банктің өзінде қалады. Қазір мен Астанадағы банктердің біріне кіріп қарапайым тұтынушы ретінде несие рәсімдеп көремін.

Өткен жылдан бері несие алатындар да, оны кешіктіріп төлейтіндер де көбейген. Пайызға болған соң, төлем қабілеттіңіз сай келсе банк несие береді. Бермесе көп микро ұйымның бірінен тегін келгендей теңгені ала береді жұрт. Қазір 257 мың қазақстандық банкты былай қойғанда 50-60 мыңдап алған микрокредитін де төлей алмай жүр.