Русский Сайттың толық нұсқасы

Цифрлық білім беру ресурстары мобильдік құрылғыларға бейімделеді

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2023
  • 950

Цифрлық білім беру ресурстары мобильдік құрылғыларға бейімделеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

«Оқу процесін цифрландыру аясында пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін одан әрі жетілдіру мақсатында: электронды білім ресурстарының сурдоаударма және аудио сүйемелдеу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді болуын қамтамасыз етуді; цифрлық білім беру ресурстарын мобильдік құрылғыларға бейімдеуді жалғастырамыз», - деді Ғани Бейсембаев.