Русский Сайттың толық нұсқасы

Министрлік жемқорлықтан тәркіленген ақшаға салынатын 70 мектептің тізімін дайындап қойыпты

  • AstanaTV
  • 08 наурыз 2023
  • 1046

Оқу-ағарту министрлігі сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген ақшаға салынатын 70 мектептің тізімін дайындап қойыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл - елдегі мектеп тапшылығын жоюға бағытталған шараның бірі. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, жаңа мектептер әр өңірде салынады.

Ғани Бейсембаев, Оқу-ағарту министрі:

Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажет құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады.

Бұған дейін Қаржы министрлігің сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген 120 миллиард теңге білім беруді қолдау қорына түскенін хабарлаған еді.