Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық полицейлер 2500-ге жуық ақбөкен мүйіздерін тәркіледі

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2023
  • 1996

4 наурыз күні “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлесіп Атырау қаласы Береке ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру барысында жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 дана ақбөкен мүйіздерін анықтаған.


Қазіргі таңда 1991 ж.т., 1987 ж.т. және 1986 ж.т. күдіктілер анықталып, ұсталды.

Келтірілген залал құны - 6 млрд 264 млн теңгеден астам.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚПК-тің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.