Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде баспана бағасы өсті

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2023
  • 2304

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бір жылда (2023 жылғы ақпан 2022 жылғы ақпанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалсы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімі:

Семей – 41%;

Қызылорда – 39,9%;

Ақтөбе – 36,9%;

Ақтау – 35,4%;

Қостанай – 30,9%.

Тұрғын үйді жалға алу бойынша:

Көкшетау – 53,7%;

Қостанай – 51,9%;

Алматы – 49,6%;

Петропавл – 49,3%.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.