Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы тұрғындары гүл сатушыларға қатысты шағымданды

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2023
  • 1696

8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматының бірқатар аудандарында көшеде гүл сатушылардың саудасы қызу жүрген. Мерекеден кейін желіде гүл сатушылардан кейін қалған қоқыс үйінділеріне толы көшелердің видеосы тарады,-деп хабарлайды Tengrinews.

“Саудаларын жасап, ақшаларын тауып, арттарын шашып кеткені дұрыс емес. Оны  қарапайым көше тазалаушылар жинайды. Менің ойымша бұл мүлдем дұрыс емес”, - дейді автор.

Саин көшесіндегі уақытша саудаға қатысты жұртшылықтың наразылығына Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі түсінік берді. 

 “Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы стихиялық сауда орындарын болдырмау мақсатында 2023 жылғы 6, 7 және 8 наурызда Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу кезеңінде уақытша сауда орындарын бекіткенін хабарлайды. Сонымен қатар, 9 наурызда уақытша сауда орындарында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, аталған ескертулер жойылды. Өз тарапымыздан тұрғындарды қоқыс тастамауға және қаламызды таза ұстауға шақырамыз”, - деп хабарлады Алатау ауданының әкімдігі.