Русский Сайттың толық нұсқасы

18 жастағы есірткі тасымалдаушы ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2023
  • 765

Қостанайда 18 жастағы есірткі тасымалдаушы қолға түсті.

Тергеу әрекеттері барысында күдіктіден ақ түсті ұнтақ зат салынған полиэтилен пакеті тәркіленді. Оның сыртында бір апта бойы Telegram қосымшасы арқылы есірткі заттарын сатқаны анықталып отыр.

Төлемді банк картасымен қабылдаған.

Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.