Русский Сайттың толық нұсқасы

«Көлік жүргізу куәлігін сатып алдым», - тұрғын

Сатып алдыңыз ба, оқып алдыңыз ба? Бұл - «Жүргізуші куәлігін алдым» деген адамға қойылатын алғашқы сұрақ. Өйткені, қазір құжатты оқып, тиісті сынақтардан өтіп алатындар көп емес. Есесіне, сатып алатындар мен куәліктің құнын аспандатып саудаға салатындар азаймай тұр. Салдарынан ережені білмейтін жүргізуші көбейді. Әріптесім Аружан Задабек темір тұлпар тізгіндеп жүргендердің білімін тексеріп көрді.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Мына көлікті қалай оталдырады? Бұл менің көлігім. Менің машинам бар, тіпті, көлік жүргізетін куәлігім де бар. Бірақ мен мына көлікті орнынан қалай жылжытуды да білмеймін. Мен секілді рұқсат қағазды сатып алатындар көп. Салдарынан, түрлі жол апаттары болып жатыр.

БЛИЦ:

- Көлік жүргізу куәлігіңіз бар ма? – Бар. –Сатып алдыңыз ба, оқып алдыңыз ба? – Сатып алдым. .....- Білмеймін.

- Оқыдым... Дальше сатып алдым. Без этого ни как же. – Сіз көлік жүргізіп жүрсіз. Білуіңіз керек. – Білуім керек. Таныс, есіме түспей жатыр.

- Қандай белгі? – Высоковой емес па? – қалай? Шатасып тұрсыз. Қанша жыл болды көлік жүргізгеніңізге? – 5-6 жыл.

- 13-жылы права алдым. Содан бері жүргізіп келемін. Бірақ мен сатып алдым. Именно бұл знакты білмеймін.

- Мұны білмеймін. Паас!

Сатып алдым дегендер құжатты қайдан алады осы деп желіні ақтардым. Сөйтсем, жарнамасы жер жарып тұр екен. Іздегенім алдымнан шықты.

Мен секілді желідегі жарнамаға сеніп, ақшасынан айырылғандар көп. Соның бірі Шымкент қаласының тұрғыны - Самат.

Самат, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Алматыда істейміз деді. Алматыға бардым. Менен 150 мың теңге сұрады. 150 мың бердім, 10 күн ішінде дайындап береміз деп айтты. Содан жоқ боп кетті. Ақшасын бердім. Таппай қалдым.

Жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн оқу форматы жойылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция комитеті көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жыл басынан бері жүргізуші куәлігін алып беремін деген 3 тұлға ұсталды. Азамат А. 3 адамды, азамат С. 5 адамды, азамат М. 19 адамды алдаған. Қазір ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елімізде жүргізуші куәлігін сату схемасы кеше-бүгін анықталып отырған заңсыздық емес. Бұл бизнес баяғыдан бар. Құйтырқы әрекетін жүзеге асыратындар жауапкершілікке тартылатынын біле тұра, заңды белшеден басады.