Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей командасы Дэвис кубогінде Қазақстанға қарсы ойынға шығатын құрамын анықтады

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2016
  • 2879

Ресей командасы Дэвис кубогінде Қазақстанға қарсы ойынға шығатын құраманы анықтады. Әлемдік плей-офф тобының тізіміне топ 100-дің қатарына кіретін теннисшілер енген. Мұндай көрсеткіш қазақстандықтардың ішінде тек Кукушкинде бар. Ол 67-ші орында. Спорт әлемінің өзге де жаңалықтары алдағы бейнематериалда.

"Барысқа" жаңа бапкер келді. Андрей Назаров бастаған бапкерлік құрам команданы жаттықтырудан босатылғаны белгілі. Сонымен Елордалық команданың жетекшісі ретінде Эдуард Занковец тағайындалды. Бұл туралы бүгін клубтың сайтында ақпарат пайда болғанын айта кетейік. Бір белгілісі, оның құрлықтық хоккей лигасында тәжірибесі мол бапкер екені. Ал әлеуметтік желіде ақпаратқа сүйенсек, Занковец осыған дейін Белоруссияның «Динамо» командасын жаттықтырған. СКА мен Авангардта Раймо Сумманен мен Петри  Матикайненнің бүрынғы көмекшісі ретінде де белгілі. Ал Назаров, ресейлік БАҚ-ның хабарлауынша, үлкен спорттан демаламын деп шешім қабылдапты.



Букмекерлік кеңселер өздері ұсынған болжамдарына сенімді. Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуде қазақстандықтың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Сонымен қатар  GGG шамамен 7 раундта қарсыласын нокаундқа жібереді делінген. Ал Брук жеңістен дәмелі. Бұл менің есімімді әйгілеп, әлемдің ең үздік боксшы атануыма жасалған қадам, деп есептейді британдық. Головкин болса, Бруктың "іске қарағанда сөзі көп", дейді. Көпшілік асыға күткен кездесу қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні болады.



Америкалық теннис алаңдарында сайыс қыза түсті. Новак Джоковичтің бұл жолы да асығы алшысынан түсті. Әлемнің үздік теннисшісі орташа деңгейде ойнай жүріп Жо-Вилфред Цонгомен, ширек финалдағы кездесуін аяқтамастан,  жартылай финалға жетті. Француз бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Жарақаты тартысты бәсекені жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Бір қызығы, осы жарыста сербпен кордқа шыққан 3 спортшы да соңына дейін бәсекелестік тудырмай босатылды. Жартылай финалда Джокович басқа французбен кездеседі. Гаэль Монфистің денсаулығы қалыпты болмаса да, отандасы Люка Пуйеден 3 сетте басым түскен.