Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2023
  • 1195

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 860 шақырымда Ауғанстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмикалық станциялар желісі мамандарының хабарлауынша, жер сілкінісі 12 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 05:41-де болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.4.

MPV магнитудасы - 4.6.

Тереңдігі - 15 км.

Сезілуі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Бұған дейін сейсмология институтының мамандары алдағы аптада Алматы қаласының аумағында, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарында 3-3, 5 балға дейінгі жер асты дүмпулері сезілуі мүмкін екенін айтқан болатын.