Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытау облысында кеніш қызметкерін сабаған күдіктілердің кім екені анықталды

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2023
  • 1726

Ұлытау облысында жұмыс орнындағы адамды соққыға жығу дерегі бойынша 25 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, наурыз айының басында әлеуметтік желіде екі ер адамның үшіншісін соққыға жыққан видеосы тараған. Видео астындағы пікірлерде соққыға жығылған кадр бөлімінің қызметкері екені айтылады. Ол кейбір адамдар жұмысқа келместен жалақы алып отырғандығына наразы екенін білдірген. Оған жауап ретінде екі ер адам оны соққыға жыққан.

Күдіктілердің "Қазақмыс корпорациясы" АҚ "Жомарт" кенішінің қызметкерлері екендігі анықталды.

"Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа әріптестеріне құрметсіздік танытып, басқа қызметкермен жанжал туғызды және оған дене жарақатын салды. Осылайша, күдікті адамдар аталған ұйымның қалыпты қызметін бұзды. Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды".

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Күдіктілерге қатысты облыс сотының шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.