Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2023
  • 1305
Фото: freepik

14-ші шақырылымдағы Жалпықытай халық өкілдері жиналысының (ЖХӨЖ) бірінші сессиясының делегаттары ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік кеңестің жаңартылған құрамын заң шығарушы органның қарауына Үкіметтің жаңа басшысы Ли Цян ұсынды.

Мемлекеттік кеңестің вице-премьерлері болып Дин Сюэсян, Хэ Лифэн, Чжан Гоцин және Лю Гочжун тағайындалды.

ҚХР Қорғаныс министрі Ли Шанфу, қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун, Мемлекеттік кеңестің хатшысы У Чжэнлун, Шэн Ицинь және ҚХР Сыртқы істер министрі Цинь Ган да Мемлекеттік кеңестің мүшесі болып танылды.

Қытай Халық банкінің (Орталық банк) басшысы И Ган да өз қызметін сақтап қала алды. Қаржы министрі Лю Кунь де өз орнында қалды. Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Чжэн Шаньцзе болды.

Қорғаныс министрі Ли Шанфу болып жаңадан тағайындалғаны болмаса, жаңартылған Мемлекеттік кеңестің күштік құрылымдар блогы өзгеріссіз қалды: қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун мен мемлекеттік қауіпсіздік министрі Чен Исин бұрынғы лауазымдарына қайта бекітілді. Азаматтық әкімшілік министрі лауазымы Тан Дэнцзе де өз орнында қалды.