Осы жылдың қаңтар-ақпанында елімізде өрт қауіпсіздігі саласында 47 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2022 жылдың екі айындағы көрсеткіштен 17,5 пайызға көп.
Finprom.kz порталының мәліметінше, 2022 жылдың 12 айында республика аумағында мұндай 54 құқық бұзушылық тіркеліп, жыл ішінде 23,9 пайызға кеміген.
Ал биыл сектордағы қылмыстардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі - 6 жағдай.
Сонымен қатар бұл көрсеткіш Ақтөбе облысы мен Астана қаласында да (5 жағдайдан) жоғары.
Одан кейінгі орындарда Шымкент қаласы мен Жетісу облысы (4 жағдайдан) тұр.
Екі айдың ішіндегі барлық құқық бұзушылықтың жартысы осы 5 өңірде болған.
Жалпы, құқық бұзушылықтар еліміздің 20 өңірінің 17-сінде тіркелген. Ал Абай, Қостанай және Ұлытау облыстарында бір де бір мұндай факті тіркелген жоқ.
Сектордағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға келер болсақ, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуға қатысты 24,4 мың дерек тіркелген.
Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 26,2 пайызға көп. Мұнан бөлек, көліктегі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудың 1,9 мың оқиғасы орын алған.
565 оқиға атмосфера ауасын қорғау және қалдықтарды қоймалау немесе жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды орындамауға қатысты.
Сонымен қатар 525 оқиға ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзуға байланысты тіркелген.