Русский Сайттың толық нұсқасы

69 млн теңгеге жуық қаражат ұрланды – ҚМА

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2023
  • 755

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

«Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.