Русский Сайттың толық нұсқасы

7 адамды күйік шалды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2023
  • 1469

Теміртауда 5 қабатты үйден өрт шығып, 7 адамды күйік шалды. Оның бесеуі бала.

Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 13 наурыз күні сағат 13:56-да түскен. 6-шы шағын ауданда бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында орналасқан пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейіннен жану орын алған. Өрт ТЖД күштерімен сағат 14:19-да сөндірілді. Жалпы ауданы 6 ш.м. құрады. Пәтерде болған 7 адам әртүрлі дәрежедегі күйіктер алған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Оқиға салдарынан пәтер аралық қабырға, пәтердің кіреберіс есігі және кіреберістің терезе блоктары зақымданған.