Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2016
  • 3766

Ел Үкіметінде ауыс-түйіс. Премьер-министр Кәрім Мәсімов қызметінен босатылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Үкімет басшысының міндетін уақытша атқару құзыреті Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған Владимир Жұмақанов Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл жөнінде бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті Жарлығы шықты. Аталған құжатта "Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Үкімет өз міндетін атқарады" делінген. Экс-премьер Кәрім Мәсімовті бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұжымына Президенттің өзі таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Конституция бойынша, заң бойынша бүгіннен бастап Үкімет таратылады. Жұмысын тоқтатады. Сондықтан ендігі мен Жарлық қабылдағанша, Үкімет ары қарай өз жұмысын бастай береді. Үкіметтің басшысы тағайындалғаннан кейін мен Жарлықпен басқасын тағайындайтын боламын. Ол ұсынысты жаңа Үкімет басшысы енгізеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ