Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда шұрық тесік көпірді түрлі-түсті кірпішпен жамап қойған

Атырауда орталық көпірдің тесігін түрлі-түсті кірпішпен жамап қойған. Бұл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының идеясы көрінеді. Қалада қармен бірге асфальт та еріп, көшелер шұрық тесікке айналған. Ал жол жөндеу жұмыстарын бастауға әлі ерте. Сондықтан осындай уақытша шешім қабылдадық дейді Әлібек Мұханбетәлиев. Айтуынша, тек көпір ғана емес, бірнеше көшенің жолын да осылай төсеніш тастармен жамап қойған.

Әлібек МҰХАНБЕТӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұған бюджеттен ешқандай қаражат қарастырылмаған. СНИП бойынша асфальттың өзінің уақыты 5 жыл, одан кейін орташа жөнеу жұмыстардан өту керек. Қазіргі уақытта біз көріп отырған жолдардың бәрі 10 жылдан астам уақыттан асып кетті. Сол себепті бұлардың барлығы осындай шұрық тесікке айналып соғуда.

Шендінің сөзінше, орталық көпірді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайын, тек қосымша зерделеу жүріп жатыр. Биыл сондай-ақ 20 мың шаршы метр аумаққа ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Оған 250 млн теңге бөлінген.