Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-ға Атырау мен Маңғыстау облыстарының құтқарушылары көмекке жіберілді

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2023
  • 793

13 наурызда су тасқыны салдарын тез арада жою үшін Атырау және Маңғыстау облыстарынан құтқарушы күштер мен құралдар тобы Батыс Қазақстан облысына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушы күштер мен құралдар министрдің өкіміне сәйкес авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуге жедел ден қою мақсатында жіберілді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі:

Жіберілген құтқарушы күштер мен құралдардың жалпы саны жеке құрамнан 100-ден астам адам мен 30-дан астам техниканы құрайды. Құтқару бөлімшелері бүгін Батыс Қазақстан облысына жеткен соң, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізуге кірісетін болады.