Русский Сайттың толық нұсқасы

Африкада 100-ден астам адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2023
  • 942

Мозамбик пен Малавиде Оңтүстік Африканы жайлаған Фредди тропикалық дауылы жүзден астам адамның өмірін қиып, ғимараттардың қирауына әкелді.

Reuters-тің мәліметіне жүгінсек, Мозамбик штатының орталық бөлігінде табиғи апаттың салдарынан үйлердің шатыры құлап, су тасқыны туындады, кейін дауыл Малавиге қарай ауысып, сүмбіле жаңбырға ұласты.

Мозамбиктің кейбір елді мекендерінде электрмен жабдықтау мен байланыс ажырады. Осыған байланысты елдегі залалдың көлемі мен құрбан болғандардың саны туралы нақты деректер жоқ.

Малавиде ауа райының қолайсыздығынан кем дегенде 99 адам қайтыс болды. Бұл туралы апаттарды жою департаментінің комиссары Чарльз Калемба мәлімдеді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының мәліметі бойынша, Фредди циклоны Оңтүстік жарты шарда тіркелген ең күшті циклондардың бірі болып саналады.

Ғалымдар климаттың өзгеруіне байланысты тропикалық дауылдар күшейе түсетінін атап өтті, өйткені парниктік газдар атмосферадағы жылуды ұстап, мұхиттар қызады. Теңіздің жылы суы буланған кезде жылу энергиясы атмосфераға өтіп, күшті циклондар мен дауылдарды тудырады.