Русский Сайттың толық нұсқасы

Kids go Free: 76 млн теңге болатын әуе билеттері субсидияланған

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2023
  • 1240

Kids go Free бағдарламасы бойынша балалардың ел ішінде тегін ұшуы үшін 76 млн теңгеге әуе билеттері субсидияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылдан бастап Қазақстанда Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Осының арқасында балаларға ел ішіндегі әуе рейстермен тегін ұшу мүмкіндігі берілді.

Өткен жылы кішкентай туристер мен олардың ата-аналары арасында сұранысқа ие үш бағыт: Ақтау, Алматы және Түркістан қалалары болды. Бұл ретте, барлық іске асырылған турлардың 50% - дан астамы Маңғыстау облысына тиесілі екенін айта кеткен жөн.

Жалпы аталған бағдарлама бойынша былтыр 76 млн. теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды.

«Ақтау - Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі және танымал отбасылық демалыс орны. Өткен жылы Kids go Free бағдарламасын 700-ге жуық отбасы пайдаланды, бұл 1500 балаға Қазақстанның басқа өңірлерін тегін көруге мүмкіндік берді. Биыл кем дегенде 2000 бала мен 1000 отбасын қамту міндеті тұр. Ол үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді», – деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.