Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киім киіп келді

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2023
  • 1451

Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр. Бүгін, 15 наурызға «Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі» деген айдар тағылып, барлық аудан-қалада әкімдіктер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді.

Ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен киімімізді дәріптеуге арналған бастаманы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастап берді.

Облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан, қала әкімдері мен әкімдік ұжымдары да жұмысқа ұлттық киіммен келіп, бастамаға қолдау көрсетті.

Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері алдағы уақытта да ұлттық киім киюді дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.