Қарағандыда түзету мекемелерінде ұзақ жылға сотталғандар виртуалды көзілдірік арқылы әлеммен таныса алады.
Бұл оларды жазасын өтеп шыққан соң қалыпты өмірге бейімдеу үшін қолға алынған арнайы жоба. Өйткені ғылыми- техника мен өмір сүру салты жылдам өзгеріп жатқандықтан ауыр қылмыс жасаған азаматтар абақтыда ұзақ отырып өздерінің туған қалаларының құрылысын ұмыта бастайды. Тіпті көбі робот шаңсорғыш секілді көптеген заманауи техникалардың пайда болғанын білмейді,- дейді психологтар.
Сондықтан бұл жобаға әсіресе жаза өтеу мерзімі аяқталуға жақын азаматтар тартылатын болады.