Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-ның бес ауданында төтенше жағдай жарияланды

Батыс Қазақстан облысының бес ауданында және Орал қаласында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Облыс бойынша 64 үйді су басып, 265 адам эвакуацияланды. Әсіресе Бөрлі ауданының ахуалы мәз емес. Бірнеше ауылды су басып, тұрғындар төрт түлік малымен бірге қауіпсіз жерге шығарылған. Ал Сырым ауданындағы электр тораптары стансасына су кіріп, жұмысы уақытша тоқтатылды. Жолды су шаюына байланысты 12 елдімекенмен қатынас үзілген. Атырау мен Маңғыстау облыстарының жүзге тарта құтқарушысы арнайы техникаларымен Оралға көмекке жетті.

Нұралы МУСИЕВ, БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Тасқала, Бәйтерек аудандарында пик өтіп кетті. Енді тек Орал қаласынан өткізіп жіберуіміз керек. Шаған өзені бойынша әлі су келіп жатыр. Мұз біртіндеп Шаған суқоймасы арқылы еріп өтіп кетіп жатыр. Болжам айтатын болсақ, қауіп әлі де сақталуда. Бөрлі, Сырым, Қаратөбе аудандарында жалпы даладан келген сулар бойынша жалпы жағдай бірқалыпты.