Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы өтті

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2016
  • 2662

Бүгін «Нұр Отан» партиясында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Оған азаматтар әдеттегідей сан алуан сауалдарымен келген. Тұрғындардың арыз шағымын Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыпов тыңдап, түйткілді мәселелерді  қадағалауына алатынын айтты. Семейбаев Мамырбек қоғамдық қабылдауға Өскемен қаласынан келіп отыр. Осыдан 5 жыл бұрын қайтыс болған аға-жеңгесінің балаларын өз қамқорлығына алған. Екі бірдей інісі әр түрлі созылмалы сырқатқа шалдыққанын айтады. Мүмкіндігі шектеулі жандар қатарындағы бауырларыммен бірге баспана мәселесінен қиындық көріп жүрміз,-дейді ол. Бірнеше жылдан бері кезегін күтуден де шаршаған.

Мамырбек Семейбаев, Өскемен қаласының тұрғыны:

Заманбеков Амангелді деген баланы жетім ретінде 1468 орынға қойған, ал 2 - топ мүгедегі ретінде 2458-ге қойды, сонда бір ғана орын жылжыды.

Мамырбек секілді қиындықтарын арқалай келген жандардың мәселесін Қабиболла Қабенұлы жіті назарына алатынын айтты. Тұрғындардың кейбірі құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне шағымдана келіпті. Сондай-ақ, еңбек ақысын ала алмай жүргендер мен тұрғын үй алу үшін үлескер атанып, қаржылық дау-дамайға тап болғандар да бар.

Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қолдан келгенше, қазіргі жағдайға қарап мәселердің шешімін табуға тырысып жатырмыз. Сұрақтар бүгін шешілмесе, алдағы уақытта соларды бақылауға алып, не де болса сол кісілердің жағдайын табуға жұмыс істеліп жатыр бүгін.