Русский Сайттың толық нұсқасы

Қағбаны тәуап етушілерді тасуға арналған автобуста қызықты сурет пайда болды

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2016
  • 4135

Сауд Арабиясында биыл қажылыққа 1,5 миллиондай мұсылман жиналмақ, оның арасында қазақстандықтар да бар. Бүгінде Қағбаны тәуап етушілерді тасымалдау мәселесіне жіті көңіл аударылып отыр. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қажылық кезінде адамдарды тасуға 16 000 автобус жұмылдырылды. Мекке, Джидда және Медине автомагистральдері арасында оларға техникалық қызмет көрсететін 18 орын ашылған. 

Айта кетейік, биыл Араб Әмірліктеріндегі қауіпсіздік мәселесі ерекше назарға алынып отыр. Электронды білезіктер мен бақылау камераларынан өзге, 17 мың әскерилер тартылған.

Ал Қазақстанда Құрбан айт мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша құрбандық шалу орындары белгіленіп жатыр. Бұл туралы діни басқарманың баспасөз өкілдері хабарлауда. Биыл 318 орын осы мақсатта қызмет атқарады деп жоспарланған. Ең көп орын Алматы облысында. Яғни аймақта 89 орын белгіленген, ал оңтүстік өңірлерде 36 орын мал союға арналады. Алматы қаласында 21 пункт белгіленсе, Астанада 8 орын бар.

Д. БАҚДАУЛЕТ