Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерлан Қарин: "Бір жыл ішінде Қазақстанда бұрын-соңды болмаған кең көлемді өзгеріс жасалды"

Тура бір жыл бұрын, дәл осы күні-16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Содан бері елімізде бұрын-сонды болмаған көлемді өзгерістер болды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram каналына осылай деп жазды. Бір жыл ішінде елімізде болған бес өзгерісті атап көрсетті.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Жаңа саяси реформалар қолға алынды. Енді Президент 7 жылдық мерзімге бір рет сайланады. Парламент пен мәслихаттарды жасақтау тәртібі өзгерді, олардың өкілеттігі күшейді. Конституциялық сот құрылып, жұмыс істей бастады. Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 19 наурызда жаңа аралас жүйе бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары сайланады. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы әріптестік орнату жұмысы жалғасты. Бабалар жолымен Ұлттық құрылтай шақырылуын осы бағыттағы ілкімді істердің дәлелі деуге болады. Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді. Сондай-ақ, азаматтардың белсенділігін арттыруға және олардың елімізді жан-жақты дамыту ісіне атсалысуына жол ашты.