Русский Сайттың толық нұсқасы

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жартылай финалына шықты

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2023
  • 1207

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен ойнады.

Қарсыластар осыған дейін 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатында кездесіп, онда чехиялық спортшы 6:4, 6:4 есебімен басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда К.Мухова брейк жасап, 4:2 есебімен алға кетті. Бірақ ол сетке доп бергенде, Елена таразы басын теңестірді – 5:5. Сосын тай-брейкте сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:4).

Екінші сетті Мухова брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда Е.Рыбакина брейкпен алға кетті – 3:1. Есеп 5:3 болған мезетте Елена екі матчболды пайдалана алмады. Дегенмен өзі доп бергенде, есесін жіберген жоқ – 6:4.

Екі сағат 46 минутқа созылған тартысты матч барысында қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 83-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.