Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік дәрігер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2023
  • 994
Сурет: otyrar.kz

Шымкенттік дәрігер Асхат Жақыбаев aсфиксия салдарынан жүрегі тоқтап, клиникалық өлім жағдайындағы сәбиді аман алып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Шымкенттегі №2 ауруханада болған.

Анасының айтуынша, нәрестесі еміп жатқанда сүтке шашалып, демала алмай қалған. Соның салдарынан жүрек соғысы нашарлап, нәрестеде клиникалық өлім жағдайы тіркелген.

Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәігер Асхат Қойшыбекұлы тез арада ауыз қуысын санациялаудан бастап, нәрестенің жүрегіне саусақтарымен массаж жасап, өкпесін интубациялық түтікше арқылы жасанды тыныс алу апаратына қосқан.

Осылайша, 5-6 минут ішінде сәбидің жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысын қалпына келтіріп, оған қайта өмір сыйлаған.

Жүрегі тоқтаған сәбиге сәтті реанимациялық көмек көрсеткен Асхат Қойшыбекұлы 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері ретінде қызмет етіп келеді.