Русский Сайттың толық нұсқасы

Түйелер жарысы өтті

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2023
  • 1489

Сауд Арабиясының шөлінде түйелер жарысы өтті. Онда бас жүлдеге ондаған миллион доллар тігілген. Түйелер жарысы Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы әл-Ула шөлінде өтті. Халықаралық кубокты тамашалауға жүздеген адам жиналған. Ал бас жүлдеге 21 миллион доллар тігілді. Бұл – осы аймақта ең қомақты және қымбат сыйлық. Оны кім иеленгені әзірге белгісіз,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы

Свизз Битс, америкалық дыбыс режиссері:

Түйе жарысына тым үлкен жүлде тігілді деп жатқандар бар. Мұнымен келіскім келмейді. Өйткені түйелер Саудияда сұңқармен бірге ең маңызды жануар ғой. Олар ықылым заманнан бері жергілікті халықтың көлігі болды. Түйеге шын мәнінде баға жетпейді.

Бәйгеге аймақтың бірнеше елі қатысты. Сонымен қатар, чемпионат барысында араб елдерінің тіршілігі мен тарихынан сыр шертетін көрмелер де ұйымдастырылған.

Әннад Әл-Балауи, жергілікті тұрғын:

Мұнда, көріп отырғанымыз, үлкен оқиға. Біз мұндайды бұрын-соңды еш жерде тамашалаған емеспіз. Мақтан тұтарлық дүниелерге куә болдым. Жүлдесі өте қымбат екен. Айналадағы атмосфера да керемет.

Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бин Салман Сауд Арабиясының экономикасы мен қоғамын өзгертуге күш салып жатыр. Сол реформа аясында бұл корольдік өндірісті әрптараптандырып, осындай шаралармен туризмді де өркендетіп, күндердің күнінде мұнайға тәуелділіктен құтылудан үмітті.