Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 19-22 наурызда қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2023
  • 859

Атырауда 19 және 22 наурызда жолаушылар қоғамдық көлікпен тегін қатынайды,-деп хабарлайды Хабар 24. 

Еліміз үшін ерекше маңызға ие саяси іс-шараға орай, қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне еркін жетуі үшін, жергілікті билік осындай шешім қабылдады.

Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде, қала және қала маңындағы ауылдық округтерде қоғамдық көліктер тегін жүреді.

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын мекемелердің жұмыс кестесіне сәйкес, автобустар сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Айтулы дата күндері автобус паркінен 150-дей көлік, қала тұрғындарын тегін тасиды.

Жадыра Сәндібекова, қалалық ТҮКШ бөлімі көлік және энергетика секторының бас маманы:

Қала бойынша қазіргі таңда 5 автопарк 31 бағытта жолаушылар тасымалдаумен қызмет көрсетуде. Оның 16-сы қала маңы, яғни ауылдық округтерде, 15-і қала ішінде қозғалады. Жалпы күнделікті шығатын автобустардың саны – 240-244.