Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық ерлі-зайыпты ерекше композиция жасады

Қарағандылық ерлі-зайыпты «Наурыз» деп аталатын ерекше композиция жасады. Онда төл мереке мен салт-дәстүр, тұрмыстық ерекшеліктер қамтылған. Өзге ұлт өкілдері осылайша еліміздегі ұлттық құндылықтарға құрметін көрсеткісі келіпті. Композиция жайлаудағы Наурыз мейрамын елестетеді. Киіз үй, наурыз көже, алтыбақан, мерекені түрлі ұлт өкілдері жаппай тойлап жатыр. Далада төрт түлік жайылып жүр.

Валерий РОГОЛЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ең алғаш жаңа жылдық композиция жасаған болатынбыз. Сосын неге Наурызға арнап жасамасқа деген ой келді. Оған мерекелік ғана емес, қазақ халқының тұрмыс- салтын да енгіздім.

Валерий -барабаншы, ал жұбайы Татьяна - скрипкашы. Өнер адамдары болғандықтан әрбір детальді ерекше дәлдікпен айнытпай бейнелеуге тырыстық дейді. Ол үшін ағаш бұтақтары мен киіз, тас, топырақ, түрлі мата, бояулар мен пластмасса бұйымдар мен дәнді-дақылдарға дейін қолданған.