Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы 100 пайызға жетіп отыр

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2016
  • 2301

Жамбыл облысы Байзақ ауданында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу көрсеткіші 100 пайызға жетіп отыр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері мен депутаттық фракция өкілдері бірлескен жиында айтылды. Салалық бағдарламалардың орындалу барысын бақылау бойынша бөлінген қаржыларды тиімді жұмсау жайы да қозғалды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 300 оқушыға арналған мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған былтыр 500 мың теңге бөлінген. Биыл тағы 200  мыңдай қарастырылған. Осы қаржының тиімді игерілуі партия бақылауында болмақ. Ал Сарыкемер ауылында тұрғын үйлерді электрмен қамту жұмыстары кешеуілдеп отыр. 

Дулатбек Жақыпбеков, Байзақ ауданы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысы:

Сол массивке жол құрылысы және электр қуатын өкізуге құрылыс жобалары бізге "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде берілген. Сапалы жұмыстары өткізіліп, қазір қарқынды жүргізілуде. Өз уақытысынан кешіккенде, ол жерде кішкене сатып алу кезінде түйінді мәселелер болды. Тамыз айының басында мердігері анықталып, жұмыстар басталып кетті.

Ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін арттыру мақсатында былтыр 700 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Бүгінде оның көлемі ұлғайып, 355 млн теңге инвестиция тартылған. Ал «Жұмыспен қамту - 2020», «Өңірлерді дамыту» бағдарламаларына қатысушылар саны жоспар бойынша 2000-дай болса, оның жартысы «екі қолға бір күрек» тауып отыр. Яғни бұл бағыт 55 пайызға орындалып отыр.