«Нұр Отан» партиясы Қызылорда
облыстық филиалының өкілдері «Есіктен - есікке» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созды.
Облыстық мәслихат депутаты Аманкелді Арысбаев «Теміржол» сайлау округінде
тұратын бірнеше шаңырақта болды.
Жүрек талмасына шалдыққан 70 жастағы Ақнұр
Қосанованың жағдайымен танысты. Оның 6 жастағы немересі де сал ауруымен
ауырады. Сырқат жандар партия белсенділерінің назарынан тыс қалған емес. Бұған
дейін сауықтыру орындарында ем алуға қолдау көрсетілген. Алдағы уақытта да
көмек көрсетілетінін айтқан партиялықтар 94 жастағы София Құлымбетова әжейдің
де жағдайын сұрап шықты. Дәрменсіз қарт қызының қарауында, ол жұмысын тастап,
анасы мен өзінің мүгедек баласына күтім жасап отыр. Үкімет тарапынан төленетін
жәрдемақы дәрі-дәрмектен аспайды. Депутат округтің өзге де тұрғындарымен
кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады.
Аманкелді Арысбаев, «Нұр Отан» партиясы теміржол
филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты:
КСК мекемелерінің оларға ешқандай
көмек бермеуі. Бір жыл емес, екі жыл емес, жиырма жылдан бері көмек
көрсетілмеген жағдайлар бар екен. Олардың барлық сұрақтарын тіркеп, шешімін талап етуге, жұмыс жасауға халыққа уәде бердім.
Депутат «Нұр Отан» партиясы ел
тағдырына бей-жай қарамайтынын еске салды. Басты міндет - халықтың ұсыныс
пікірлерін билікке жеткізу, мүмкіндігінше шешу жолдарын қарастыру,- дейді ол.
Келешекте тұрғындардың базынасы құзырлы органдарға жолданып, партия бақылауында
боларына сендірді.
Шарипа САҚТАПОВА