Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2023
  • 1178
  1. «Қазгидромет» РМК-сы 18 наурыздағы күн райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, атлантикалық циклон жырасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.