Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2023
  • 1026

Қазақстан Республикасының Корея Республикасы мен Жапониядағы азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур болды.

«Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін!» - деді Е.Асанов.