Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Елнұр Асанов бірінші болып дауыс берді

Қазақстан Республикасының Корея Республикасы мен Жапониядағы азаматтары Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды. Сеул қаласында алғашқы боп дауыс берген – қазақстандық азамат, курсант Елнұр Асанов. «Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді», - дейді отандасымыз.