Алматы қаласы сайлау учаскесінінің комиссия мүшелері ұлттық киімдермен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алатау ауданында №26 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №33 сайлау учаскесінде комиссия мүшелері осынау қазақы камзол, бешпеттерді киіп келген.
Наурыз мерекесінің қарсаңында өткізіліп отырған шара сайлаушылардың көңілінен шығып, көпшіліктің назарын өздеріне аударды.