«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев та Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауында өз таңдауын жасады. Ол елордадағы №113 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бүгін енді ұлымызбен бірге келдік. Басты мәселе – дұрыс таңдау жасау, дұрыс бағытқа қарай жылжу. Қазіргі сайлау өздеріңіз білесіздер, ерекше форматта өтіп жатыр. Өте ашық, бәсекелестік өте жоғары. Бұл соңғы бір жылда Мемлекет басшысының Жолдауынан шыққан үлкен нәтижелі жұмыстардың қортындысы деп мен есептеймін.