Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда үшемдерін ерткен ана өз таңдауын жасады

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2023
  • 1127

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты, Басқұдық ауылының тұрғыны, “Күміс алқа” иегері Гүлсара Вапаева дауыс берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Ол сайлау учаскесіне 5 жасар үшемдер – Ербол, Нұрбол, Іңкәрмен келді.

Бүгін – маңызды күн. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмауымыз қажет деп санаймын. Балаларымыздың ертеңі үшін келіп тұрмын. Себебі: бүгін сайланатын депутаттарға, ертең қабылданатын заңдар тікелей байланысты. Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін адал қызмет етсін деген ниетпен таңдау жасадық, – дейді батыр ана.

Гүлсара Вапаева - алты баланың анасы. Балаларының алды оқушы болса, кішісі бесікке бөлеулі.