Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда 400-ге тарта қатардағы жауынгер өз таңдауын жасады

Оралдағы әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 400-ге тарта жас жауынгер өз таңдауын жасады. Әскери бөлім болғандықтан, мұндағы сайлау жабық түрде өткізілді.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Ұлттық Ұланның Оралдағы әскери бөлімі – аймақтағы ең белсенді сайлау учаскесі. Мұндағы сарбаздар таңғы сағат алтыдан бері дауыс беріп жатыр. Сайлау учаскесінде сап түзеген сарбаздар еліміздің әр аймағынан келген. Олардың дені бүгін алғаш рет дауыс берді.

Виталий САЖИН, САРБАЗ:

Бүгін елімізде әскерилерге барлық жағдай жасалған. Мысалы, әскери борышымды өтеген соң, қалаған оқу орнына грантпен емтихан тапсырмай-ақ түсе аламын. Бұл еліміздегі ахуалдың жақсарғанының көрінісі. Сондықтан мемлекетіміз одан әрі гүлдене берсін деген ниетпен дауыс бердім.

Жәнібек СӘРСЕНОВ, №479 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әскери бөлімдегі сайлау учаскесі ережелерге сай орналасқан. 400-ден астам сарбаз өзінің дауысын берді. Соның елуден астамы бірінші рет дауыс берді. Сайлау бүкіл ережелерге сай өтіп жатыр.

Жүздеген сарбаз бір бөлімде шоғырланғандықтан, мұндағы дауыс беру рәсімі басқа сайлау учаскелерінен тез аяқталады.