Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында сайлау күні 86 сәби дүниеге келді

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2023
  • 1903

Сайлау күнінде Түркістан облысы бойынша 86 нәресте дүние есігін ашты.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 85 ана босанған. Өмірге келген сәбилердің  52-сі ер бала, 34-і қыз, оның ішінде 1 егіз бар.

Аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы, дейді дәрігерлер.