Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында бұлан атқан ауыл тұрғыны жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2023
  • 867

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының инспекторларымен “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында ауылдардың біріне жетіп қалғанда жолдан 100 метр қашықтықта денесінде жарақаты бар бұланды тауып алған.

Сонымен қатар оқиға орнынан аңшы мылтығына келетін оқ-дәрінің гильзасы тәркіленді. Тәртіп сақшылары сондай-ақ оқиға болған жерден автокөлік дөңгелегінің іздерін тапты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 52 жастағы ауыл тұрғыны анықталды.

Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды polisia.kz