Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жаңа ипподром пайдалануға берілді

Еліміздегі ең үлкен ипподром - Шымкентте. Мегаполисте бүгін салтанатты түрде ашылып, қолданысқа берілді. Барлық халықаралық талаптарға сай бой көтерген нысанның пайда болуы қаламызда ғана емес, еліміздің ат спорты индустриясының дамуына жол ашады деп күтілуде.

Мерекеге арналған үш күндік шара шаһарда бүгіннен басталған. Алдымен әр өңірдің салт-дәстүрін насихаттайтын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің керуендерін бастаған төрт өңірдің сахна саңлақтары әндете ортаға тізіле шықты.

Бұл заманауи талаптарға сай келетін еліміздегі бірегей ипподром. Жалпы аумағы - 39 гектар. Алғашқы күні-ақ жиналғандар қыз қуу, теңге ілу сынды ат спорты ойындарын тамашалады. Айта кетейік, ипподром демеушілер есебінен салынған.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Құрметті ағайын!!! Қадірменді қонақтар!!!Бүгін Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамының қарсаңында ұлттық спортты дамытуға әсер беретін үлкен, жаңа, заманауи ипподромды ашылуына куә боп отырмыз.

Жаңа Ипподром еліміздегі ең үлкен бәйге алаңына айналады дейді ұлттық спорт жанашырлары. Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентте «Ұлы дала ойындары» атты халықаралық ұлттық ойындар турнирі басталды.

Данияр МЫҢБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жерде бәйгенің алаңшасының өзі -2 километр, 2 мың метр. Жолақтың ені-20 метр. Қазақстанда мұндай жоқ. Көкпар алаңының өзі талаптарға сай -80 де 220. Конкур алаңшасы 70 те 120.

Ипподромның ашылу салтанаты Ұлыстың Ұлы күні Наурызға арналған "GREAT QAZAQ GAMES" іс-шарасымен жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтары алдағы екі күнді атшабарда нағыз мерекені тойламақ.

Айзада