Русский Сайттың толық нұсқасы

Ойыл ауданында комиссия су тасқынынан келген залалды бағалауға кірісті

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2023
  • 750

Комиссия Ойыл ауданында су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалауға кірісті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық әкімдігі мәлім етті.

Қазіргі кезде көктемгі су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы үйлер мен аула аумақтарын тексеріп жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, елдімекенде 5 үй мен 25 аула су астында қалған», - деп жазды ведомстводан.

Еске сала кетейік, өңір басшылығы Қобда ауданы Қобда ауылында және Ойыл ауданы Қаратал ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсету бойынша барлық шараларды қабылдауда.